2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу туралы

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу туралы

Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің есебі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Бұл талқылауларды өткізудің мақсаты – халықты ақпараттандыру, қызмет көрсетушілердің есептілігін және ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ олардың көрсетілу процесін үнемділік пен тиімділік тұрғысынан үнемі жетілдіру.

2025 жылдың 1 наурызы мен 31 наурызы аралығында Ерейментау қаласы әкімі аппаратының ресми сайтында 2024 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылатын болады. Қаланың барлық тұрғындарын қоғамдық талқылауға белсене қатысуға шақырамыз. Сіздерге «Пікірлер» арнайы терезесінде өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.

Талқылауға қатысуға шақырамыз, себебі сіздің пікіріңіз мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға маңызды.