— Ерейментау қаласының жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау. Қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.

— Ерейментау қаласының жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау.  Қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

          Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымда Ерейментау қаласында жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары өткізіледі.

Жиындар келесі мекемелердің акт залдарында өтеді:

          Сағат 11:00-де Ерейментау қаласының №1 негізгі мектебі — «Шахта» және «Известковый» шағын аудандарының тұрғындары үшін;

          Сағат 12:00-де Ерейментау қаласының №3 орта мектебі — «Шанхай» шағын ауданының тұрғындары үшін;

          Сағат 15:00-де Ерейментау қаласының №1 орта мектебі — шағын аудан тұрғындары үшін;

          Сағат 16:00-де Ерейментау қаласы әкімдігі ғимаратында — Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі шағын ауданының тұрғындары үшін;

          Сағат 17:00-де Т. Шаханов атындағы №2 орта мектебі — шағын аудан тұрғындары үшін;

          Сағат 18:00-де Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі — шағын аудан тұрғындары үшін.

 

Күн тәртібінде:

 

— Ерейментау қаласының жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау.

Қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.

 

          «Ерейментау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі