
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 000 000 теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
2026 жылғы 12 қаңтарда Ерейментау қаласы әкімдігінің ресми сайтында, Instagram парақшасында және WhatsApp желісіндегі («Реальная жизнь», «Актуальные вопросы») топтарда жобалық ұсыныстарды қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардан жобалық ұсыныстар 2026 жылғы 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында қабылданды. Аталған кезеңде екі жоба келіп түсті:
Ұсынылған жобалар белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сараптамалық кеңесте қаралды.
2026 жылғы 5-23 сәуір аралығында Ерейментау қаласы әкімінің аппаратының ресми сайтында аталған жобалар бойынша дауыс беру өткізілді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша:
Осылайша, тұрғындар арасында ең өзекті деп танылып, ең көп дауыс жинаған (80 дауыс) «Қалалық саябақ» жобасы жеңімпаз болып анықталып, іске асыруға жіберілді.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жыл сайын белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Тұрғындарды ресми сайт арқылы жобалық ұсыныстар енгізуге және ұсынылған жобаларға дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.