
Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары!
Ерейментау қаласының әкімдігі 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде жоба ұсыныстарын қабылдау басталатынын хабарлайды. Бұл — қаламыздың инфрақұрылымын жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізуге тамаша мүмкіндік.
Жоба ұсыныстарын тапсыру тәртібі:
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін (қоса алғанда).
Жоба ұсыныстары келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Жоба ұсынысын қалай тапсыруға болады:
Біз әрбіріңізді қаламызды жақсартуға белсенді қатысуға шақырамыз! Сіздің пікіріңіз бен бастамаларыңыз — жалпы әл-ауқат үшін маңызды.
Қосымша ақпарат алу және ұсыныстарды беру үшін Ерейментау қаласының әкімдігіне жүгініңіз.