Ұлы Отан Соғысына 80 жыл!

Ұлы Отан Соғысына 80 жыл!

9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бозтал ауылында тағылымды әрі думанды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары бір мезетте ата-баба ерлігін еске алып, батырлар рухына тағзым етті.

Мерекелік шара аясында патриоттық концерт өтіп, мектеп оқушылары мен ауыл өнерпаздары жүрек тебірентер өнерлерін паш етті. Құрметті ардагерлердің рухына сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараның ең қызықты сәті - ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтаған ұлттық ойындар мен ат жарыс болды. Тұлпарлар тартысы мен шабандоздар шеберлігі көрермендерге керемет әсер сыйлады.

Осындай рухты мерекелер ел бірлігін бекемдей түседі. Баршаңызға бейбіт күн, амандық тілейміз.