
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен өткен тұрақты кездесулер барысында Ақмырза ауылдық округі әкімі тарапынан тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Ақмырза – Майлан ауылдары арасындағы жасаңды көпірді қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті шаралар қабылданды. Аталған мәселе тұрғындар тарапынан көтеріліп, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі ретінде белгіленген болатын. Осыған байланысты, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және елді мекендер арасындағы қатынасты қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар 2026 жылғы 28-29 сәуір күндері жүзеге асырылды. Аталған жұмыстарды орындауға «Серноводск», «Жаңа Береке», «Новомарковка 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігілері мен «Хамзе» шаруа қожалығы арнайы техникамен қатысып, белсенді түрде атсалысты. Жұмыс барысында жасаңды көпірдің негізін нығайту үшін қажетті құбырлар төселді, су өткізу жүйесі ретке келтірілді, кейіннен қиыршық тас пен құм төгіліп, бірнеше кезең бойынша тегістеу және нығыздау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ақмырза – Майлан ауылдары арасындағы қатынас жақсарып, көлік қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасалды. Аталған мәселе толықтай шешімін тапты