Нотариаттық қызмет

Нотариаттық қызмет

Қазақстан Республикасының  «Нотариат туралы» Заңына сәйкес, елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

  •  өсиеттерді куәландырады;
  • сенімхатты куәландырады;
  • құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
  • өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

ҚР заңнамалық актілерінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.