Отын-энергетика кешенінің мәселелері талқыланды

Отын-энергетика кешенінің мәселелері талқыланды

Бүгін Көкшетау қаласындағы «BOLASHAQ SARAIY» мәдениет сарайында өткен ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың халық алдындағы есептік кездесуі барысында Ақмола облысының ЭжТYКШБ басшысы Данияр Қуанышбаев өңірдің отын-энергетика кешені саласындағы бірқатар ұзақ мерзімді проблемалық мәселелерін атап өтті. Оларды шешу үшін энергетика саласының басқарушылары мәлімдегендей, ҚР Энергетика министрлігі мен мүдделі уәкілетті органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ Ақмола облысы тұрғындарының ұсыныстары мен өзекті мәселелері назарға алынды, олар Әлібек Жамауовтың азаматтарды жеке қабылдауы және БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы кезінде айтылды.