«Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешiмi «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрлендi.
Осы шешiм жобасын қабылдау мақсаты — «Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмiмен бекiтiлген, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 418 бұйрығымен сәйкестiкке келтiру.
Қаулы жобасын iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейдi.
Қаулы жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және / немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы ашық НҚА бөлiмi бойынша «Электрондық үкiмет» порталында орналастырылған.
Жобамен танысу үшін "Құжаттар" бөліміне өтіңіз.