Анонс

Анонс
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
«Адал көмек» жобасы шеңберінде ағымдағы жылғы 11 тамызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Antikor оrtalyǵy-нда (мекенжайы: Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 71/1) Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышұлы Қуанышбаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтеді.
Тақырыптар: коммуналдық қызметтер көрсету (электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру)саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету;
- халыққа сапалы ауыз су беру;
- алдағы жылыту маусымына дайындық;
- Ақмола облысын газдандыру және газбен жабдықтау туралы.
Қызықтыратын сұрақтар бойынша қабылдауға онлайн тіркелу үшін Whatsapp нөмірі бойынша хабарласу қажет: 8707 655 57 85.