Имиджді құру бойынша жұмыс

Имиджді құру бойынша жұмыс

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы әдеп бойынша уәкілі Светлана Бейсеновамен ведомстволық қызметкерлер үшін «Мемлекеттік қызметтің  оң бейнесін қалыптастыру» тақырыбындағы семинар өткізілді.

Кездесу барысында  мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, моральдық-психологиялық ахуалдың пайда болуына, әдеп нормаларының өрлеуіне бағытталған шараларға баса назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшілердің  мінез-құлық қағидаларын насихаттау бойынша жұмыс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әдепсіз мінез-құлықтардың  алдын алуға бағытталған.

Семинарды қорыта келе Светлана Бейсенова  этика және жоғары біліктілік – қызметіміздің, заманауи мемлекеттік қызметшінің  кәсіпқойлықтың  негізі, -   деп атап айтты.