Алғашқы дерек көзден

Алғашқы дерек көзден

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында Ақмола облысының энергетика және ТКШ басқармасының өкілі Біржан сал ауданының елді мекендерінің азаматтарын көшпелі қабылдауға қатысты. Шалғай ауылдардың тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы мәселелермен тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта халықты сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Ауыл тұрғындарына биылғы жылы Үлгі және Баймырза ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта құру басталатыны хабарланды.  Бұдан басқа, Степняк қаласының су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу белгіленген. Осы жылы қала тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желілерін ішінара қайта құру жоспарлануда.