Тексеру нені көрсетті

Тексеру нені көрсетті

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ филиалының Степногорск ауданаралық электр желілеріне (бұдан әрі – Энергетикалық кәсіпорын) қатысты технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру кезінде электр энергетикасы саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тексеріс жүргізді.

Тексеру кезінде «Жолымбет» қосалқы станциясында (ҚС) авариялы ажыратулар анықталды, соның нәтижесінде «Фрунзе», «Торғай», «Ерейментау», «Новомарковка» және «Искра» ҚС кернеусіз қалды. Мұндай жағдайларда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 5-тармағына сәйкес, Энергия кәсіпорындарының лауазымды адамдары технологиялық бұзушылық туындаған сәттен бастап, 1 сағат ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Энергетикалық кәсіпорындар бірыңғай электр энергетикалық жүйеде болған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы жедел хабарламаларды беру Регламентіне сәйкес, жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы жедел хабарлама ұсынуы тиіс.

Бұдан басқа, Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық туындаған сәттен бастап 15 минут ішінде Департаментті технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы жедел хабар алмасу бойынша мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы хабардар етуге міндетті. Сондай-ақ, технологиялық бұзушылық туындаған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей Энергетикалық кәсіпорын Департаментке, жергілікті атқарушы органға және жүйелік операторға жазбаша хабарлама жібереді.

Алайда, Қағидалардың талаптарын бұза отырып, Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылықтар туындаған сәттен бастап 1 сағат өткеннен кейін Департаментке технологиялық бұзушылықтар туралы жедел хабарлама берді. Бұл бұзушылықтар, әрине, қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент энергия беруші ұйымның туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы ұсынбауынан көрінетін, іс-әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 301-2-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған Энергетикалық кәсіпорынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Аталған Энергетикалық кәсіпорын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 1-бөлімінің 301-2-бабы (технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент әкімшілік айыппұл салды.

Осылайша, құқық бұзушының кінәсі әкімшілік істі қарау кезінде расталады және іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, тексеру нәтижелері туралы актімен және басқа материалдармен расталады. Электр энергетикасы туралы Заңға сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, Департаментке Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230, тел. 8(7162) 257867 мекен-жайы бойынша хабарласуды болады.

 

 

Әділжан Укпенов

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және

энергетикалық қадағалау мен бақылау

Комитеті Ақмола облысы бойынша

аумақтық департаментінің басшысы

тел. 257867