«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысы жобасы (бұдан әрі – Жоба), Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты – Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану.
Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоба ашық НҚА бөлімі бойынша «Электрондық үкімет» порталында орналастырылған.