Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып

Бүгін Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Ақмола облысының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесіне сәйкес өткен іс-шараның спикері Әдеп жөніндегі уәкіл Светлана Бейсенова болды. Дөңгелек үстел барысында әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен алдын алу шаралары талқыланды. Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Электрондық өтініштер» ақпараттық жүйесіндегі жұмысқа назар аударылды.