Электр энергиясын беру

Электр энергиясын беру

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен кіші станциялардың жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы секторларның  бірі - электр энергиясын беру секторы.

Қазақстан Республикасының электр желілері кернеуі 0,4–1150 кВ  электр энергиясын беру және (немесе) тарату үшін арналған кіші станцияларының, тарату  құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының БЭЖ-індегі жүйеқұрушы желісінің рөлін ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) орындайды, ол республиканың өңірлері және шекаралас мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергожүйелерінің арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларымен электр энергиясының берілуін және оның көтерме тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Кіші станциялары, тарату құрылғылары, электр берудің өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық желілері, кернеуі 220 кВ және одан жоғары, ҰЭЖ құрамына кіретін электр станцияларының электр энергиясын беруін жүзеге асыратын электр беру желілері «КЕGОС» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының балансында болады.

Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңір ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының бөлшек тұтынушыларға берілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері 19 өңірлік электржелілік компанияларының (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады, оның ішінде электр энергиясын беруді саны 130 дана кіші энергия беруші ұйымдар жүзеге асырады.

Энергия беруші ұйымдар (ЭБҰ) шарттар негізінде электр энергиясының меншікті немесе пайдаланылатын (жалға алу, лизинг, сенімді басқару және пайдаланудың басқа да түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына берілуін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі Атомдық

және энергетикалық қадағалау мен бақылау

Комитеті Ақмола облысы

 бойынша аумақтық департаментінің басшысы

А. Укпенов