Басқарма басшысы Иван Юрченко МИБ және ЖМ туралы

Басқарма басшысы Иван Юрченко МИБ және ЖМ туралы

Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Иван Юрченконың көшпелі отырыстарының циклі Целиноград ауданынан басталды.

Ведомство басшысының аймақ активімен кездесуінде талқыланған тақырыптардың бірі ТҮКШ саласында реформалар жүргізу болды. Бүгінгі күні Целиноград ауданында барлығы 4 МИБ тіркелген. Бұл ретте кестеге сәйкес ауданда 109 МИБ/ЖМ құру қажет. Әкімдік тұрғындар арасында көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруы қажет. Кондоминиум объектілерін тіркеу жұмыстары нашар жүргізілуде.

Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі айлықты өткізу де өзекті мәселе. «Әкімдіктер стихиялық қоқыстарға, көшелерді, тротуарларды абаттандыруға, ғимараттардың қасбеттерін жөндеуге назар аударуы қажет, - деп атап өтті Иван Иванович. - Апатты үйінділерді жою бойынша жұмыстар жыл сайын жүргізіледі, алайда ҚТҚ қоймалаудың жаңа рұқсат етілмеген ошақтарының пайда болуының алдын алу бойынша шаралар жеткіліксіз. Уәкілетті органдар экологиялық заңнаманың бұзылуын анықтауы, абаттандыру және санитария нормаларының сақталуын қатаң қадағалауы қажет».

Сондай-ақ, көгалдандыру туралы, атап айтқанда, отырғызылған және қолданыстағы жасыл алаңдарға күтімді жақсарту туралы сөз болды. Сонымен қатар, Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында ескерткіштерді, обелискілерді, саябақтар мен скверлерді тиісті жағдайға келтіру қажет.