Қажетті құжаттарды ұсыну керек

Қажетті құжаттарды ұсыну керек

Электр энергиясын тұтынушы Рупакова Н.Н. «Қазбайлық Астана» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) электр энергиясын беруді тоқтатқаны үшін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне (бұдан әрі - Департамент) шағыммен жүгінді. Осыған байланысты, Департамент ЖШС-ке заңнамада белгіленген мерзімде аталған факті бойынша қажетті құжаттарды ұсыну туралы сұрау жіберді. Бұл сұрауды ЖШС басшысы алды, бірақ сұратылған құжаттарды кәсіпорын Департаментке ұсынбады, дегенмен сұратулар бірнеше рет жолданған болатын. Сонымен қатар, ЖШС телефон арқылы Рупаковаға еш қатысы жоқ екенін хабарлады. ЖШС тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғанын көріп, Департамент бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау аясында ЖШС-ке  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын жасады, оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының            1-бөлігі бойынша сараланды. Осы хаттама істің басқа да материалдарымен бірге «Қазбайлық Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Ақмола облысының Целиноград аудандық сотына соттылығы бойынша қарастыру үшін жолданды.

Өткізілген сот отырысында Департамент басшысы Қасенов Ж.С. хаттамада жазылған мән-жайды растады және Рупакованың жүгінуінде баяндалған мәселелер бойынша ақпаратты ұсыну туралы растаушы материалдарды қоса бере отырып, ЖШС атына екі мәрте сұрау жолдағанын көрсетті, алайда ЖШС белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбағанын дәлелді.

Осылайша, ЖШС әрекеттері ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігі бойынша дұрыс сараланды және бұл сотта зерделенген іс материалдарымен расталады.

Нәтижесінде, сот қаулысымен «Қазбайлық Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау Комитеті Ақмола облысы бойынша

аумақтық департаментінің басшысы

Ж. Қасенов