Степногорскте су тазартудың жаңа технологиялары әрекет ете бастады

Степногорскте су тазартудың жаңа технологиялары әрекет ете бастады

Степногорск қаласында қуаты тәулігіне 48 мың м3 құрайтын 305-Төбенің су тазарту құрылыстарын кешенді жаңғырту аяқталды.

Биылғы жылдың қазан айының ортасынан бастап қала тұрғындарының үйлеріне ауыз су келіп түсуде, оның сапасы екі есеге жуық өсті. Бұл ретте 47 мыңнан астам тұрғыны бар қала тұрғындары үшін тариф мөлшері өзгерген жоқ.

50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан технологиялық жабдықты ауыстыру суды тазартудың орташа тиімділігін 47% - дан 75,3% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Құрылыстарды қайта жаңартуда неміс өндірісінің прогрессивті технологиялары қолданылды. Резервуарларды басқару торабы, сондай-ақ мембраналық технологияға көшумен сүзгі станциясы жаңғыртылды. Резервуарларға күрделі жөндеу жүргізілді. Сорғы станциясы салынды. Нысанда өзінің күзет пункті пайда болды, аумақ абаттандырылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кәсіпорында ауқымды апгрейд жүргізілді. Жұмыс құны шамамен 5,5 млрд. теңгені құрады. 18 айға созылған жобаны сүйемелдеумен және бақылаумен Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы айналысты.