Марат Ахметжанов Степногорск қаласының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Марат Ахметжанов Степногорск қаласының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Ақмола облысында жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Бүгін өңір әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласына барып, жылу және су құбырлары желілерін жөндеу барысымен, сондай-ақ қаланың қысқа дайындығымен танысты.

«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Степногорск қаласында жылу желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 7,6 шақырым жылу трассалары жөнделіп, негізгі учаскелерде, соның ішінде ЖЭО-дан қалаға баратын магистральді құбырда реконструкция жұмыстары жалғасуда. Биыл Үкімет резервінен 2,6 млрд теңге бөлінді, алайда жұмыстарды толық аяқтау үшін қосымша қаржы қажет.

Әкім атап өткендей, қаланың негізгі проблемаларының бірі – жылу желілерінің тозу деңгейі, ол бұрын 81%-ға дейін жеткен.
«Бұл әр қыс сайын көптеген апаттарға алып келді. Өткен жылы Үкіметтің қолдауымен жеті шақырым магистральді құбырды жөндеуге 2,6 млрд теңге бөлдік. Соның арқасында тозу деңгейін 74%-ға дейін төмендетіп, бірнеше жылдан бері алғаш рет жылыту маусымын апатсыз өткіздік», – деді Марат Ахметжанов.

Ол биыл жұмыстар жалғасатынын атап өтті: жетінші шағын ауданда бір шақырым жаңа құбыр төселді, тоғызыншы шағын ауданда жұмыстар басталды. «ЖЭО – Қала» магистральді құбырының негізгі бөлігін реконструкциялау жүріп жатыр, онда үш шақырымнан астам ескі құбыр ауыстырылды.

Бюджеттік қаржыдан бөлек, Степногорск ЖЭО да өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, станция жабдықтарын жаңартып жатыр.

Ахметжанов энергетика саласына кадр даярлау қажеттілігіне жеке тоқталды. Осы мақсатта өңір әкімі 10 грант бөлетінін, олар Алматы энергетика институтында және Еуразия институтында студенттерді оқытуға жұмсалатынын мәлімдеді.

«Жас мамандарды дайындау – бұл стратегиялық қадам. Біз болашақта жылу энергетикасының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін кадрлық резервті алдын ала қалыптастыруымыз керек», – деп атап өтті Ахметжанов.

Сондай-ақ әкім қала әкімдігі, ЖЭО және тұрғын үй қорын басқару органдары арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына назар аударды. Ол ішкі жүйелерді опрессовкадан өткізу және шаю жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қалалық әкімдікке жөндеу науқанын ерекше бақылауға алуды жүктеп, ТКШ және жол инфрақұрылымы бөлімдерін екі жеке құрылымға бөлу жөнінде ұсыныс білдірді.

 
 
Спросить ChatGPT