2003 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады. Бұл күн жыл сайын әлемнің 110-нан астам елінде аталып өтеді, бұл әлем жұртшылығының назарын жұмысшылардың жұмысына, сырқаттанушылығына және өліміне байланысты өндірістік жарақаттану ауқымына аудару үшін.
2024 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Ауа райының өзгеруі еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері».
Қолайлы еңбек жағдайлары, кәсіби тәуекелдердің болмауы немесе төмен деңгейі кез-келген кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатының негізі болып табылады.
Республикада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік база құрылды және үнемі жетілдірілуде, Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда.
1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-б. 2-т. сәйкес, әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай келетін еңбек жағдайларында жұмыс істеуге құқылы. Тәуелсіздіктің 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық базасы дамыған мемлекеттік саясат жүйесін құрды, алайда облыс кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану деңгейі сақталуда.
Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен «Нөлдік жарақаттану - Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.
Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде 2025 жылға дейін облыс бойынша 3047 кәсіпорынмен «Vision Zero» (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды.
Осыған байланысты, өндірістік жарақаттануға жол бермеу мақсатында облыс әкімдіктері мен кәсіпорындары арасында меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысты күшейту қажет.
2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «ТНК «Казхром» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымымен кездесуі аясында «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды. Бұл жоба кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған. Осы мақсатта, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, кәсіпорындарда «Халық бақылаушылары» ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар тартылады, олар бейнебақылау жүйесінің көмегімен зауыт цехтарында болып жатқан оқиғаларды бақылайды және қауіпсіздік техникасының барлық бұзушылықтарын қадағалайды.
Облыс кәсіпорындарында «Халықтық бақылау» жобасын енгізу бойынша басқарма аудандар мен қалалар әкімдіктерінің, сондай-ақ облыс кәсіпорындарының атына осы жобаны енгізу жөнінде хаттар жолдады.
Бүгінгі таңда облыстың 5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы («Altyntau Kokshetau» ЖШС (Зеренді ауданы), «Степногорск-водоканал» ШЖҚ МКК (Степногорск қ.), «Азия котломаш» ЖШС (Бурабай ауданы), «Азия Құрылыс» ЖШС (Бурабай ауданы), «Степногорск қаласының білім бөлімі» ММ (Степногорск қ.)) енгізілді.
Осыған байланысты, барлық деңгейдегі басшыларға, кәсіподақ органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізуді, әр қызметкердің санасына еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының талаптарын орындаудың маңыздылығын жеткізуді ұсынамыз.
Сондай-ақ өндірістік жарақаттануды төмендетуге елеулі үлес қосқан еңбекті қорғау мәселелерімен айналысатын неғұрлым белсенді қызметкерлерді атап өту қажет.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған аталған іс-шараларды өткізу еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жандандыруға қосымша серпін береді, кәсіпорындар мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.