"2023 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында Еңбек күнін мерекелеу аясында "Hilton Astana" ғимаратына "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша екінші орынды Бурабай ауданының "RG Gold" ЖШС қызметкері Нукишев Құндызбек Қажыбекұлы иеленді.
"Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.