Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде еңбек адамының беделін өсіру, өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, сондай-ақ жұмысшы әулеттердің көп жылғы дәстүрлерін нығайту мақсатында Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы өңірлік деңгейде "Еңбек жолы" конкурсын өткізді.
Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 2023 жылғы 28 тамызда «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттаумен салтанатты іс-шара өткізілді.
Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздарына атаулы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Ағымдағы жылы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін 3 номинация бойынша 42 өтінім берілді:
- Үздік еңбек әулеті - 13 өтінім;
- Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері - 11 өтінім;
- Өндірістің үздік жас маманы - 18 өтінім.
Жеңімпаздарды іріктеу екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде.
Конкурс жеңімпаздарын өңірлік деңгейде іріктеу үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.А. Тайжановтың төрағалығымен және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия құрылды.
Конкурстық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын анықтады:
- "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша Гончарик Олег Валерьевич-Степногорск қ. "Степногорск тау-кен - химия комбинаты" ЖШС экстракция цехының аппаратшысы-гидрометаллург, еңбек әулеті-3 ұрпақ (әкесі, ұлы, немересі). Әулеттің осы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі 154 жылды құрайды;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Нукишев Құндызбек Қажыбекұлы – Бурабай ауданы "RG Gold" ЖШС үймелі шаймалау учаскесінің шебері, жалпы еңбек өтілі 42 жыл, өзінің ұзақ еңбек қызметінде бірнеше үздік мамандарды тәрбиеледі;
- «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Зеренді ауданы "Altyntau Kokshetau" АҚ ПБАЖ бойынша жетекші инженері - Шакеев Дамир Жомартұлы, жалпы еңбек өтілі - 4 жыл. Жұмыс істеген уақытта ол өзін жауапты, еңбекқор, келешегі бар қызметкер ретінде көрсетті.
«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейі жеңімпаздарының материалдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алдағы уақытта республикалық деңгейде қатысу үшін жіберілді.