"Еңбек жолы" республикалық байқауының қорытындысы

"Еңбек жолы" республикалық байқауының қорытындысы

"Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына" республикалық форумы аясында 2022 жылғы 06 желтоқсанда Астана қаласында Қазмедиа орталығы ғимаратында "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша "Өндірістің үздік жас қызметкері" номинациясы бойынша үшінші орынды Бұланды ауданы Макинск қаласының "Макинск жылу оқшаулау зауыты" ЖШС қызметкері Байшуақов Нұрқасым Қарубекұлы иеленді.

"Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.