2022 жылдың «Еңбек жолы» конкурсын өткізу қорытындысы

2022 жылдың «Еңбек жолы» конкурсын өткізу қорытындысы

Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде еңбек адамының беделін өсіру, өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, сондай-ақ жұмысшы әулеттердің көп жылғы дәстүрлерін нығайту мақсатында Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы өңірлік деңгейде "Еңбек жолы" конкурсын өткізді.

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 26 тамызда «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттаумен салтанатты іс-шара өткізілді.

Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздарына атаулы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ағымдағы жылы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін 3 номинация бойынша 28 өтінім берілді:

- Үздік еңбек әулеті-8 өтінім;

- Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері-8 өтінім;

- Өндірістің үздік жас маманы - 12 өтінім.

         Жеңімпаздарды іріктеу екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде.

         Конкурс жеңімпаздарын өңірлік деңгейде іріктеу үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Рамазановтың төрағалығымен және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын анықтады:

         - «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Степногорск қ. «Қазақалтын» ЖШС «Бестөбе кенішінің» электровоз машинисі - Еркебұланов Құрманғалы Таманұлы, еңбек әулеті-3 ұрпақ (әкесі, ұлдары, немерелері). Әулеттің осы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі 196 жылды құрайды;

         - «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Степногорск қ. «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері - Воробьев Анатолий Ильич, жалпы еңбек өтілі 54 жыл, өзінің ұзақ еңбек қызметінде бірнеше үздік мамандарды тәрбиеледі;

         - «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Бұланды ауданы, Макинск қ., «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС ауысым шебері - Байшуаков Нұрқасым Қарубекұлы, жалпы еңбек өтілі -3 жыл. Жұмыс істеген уақытта ол өзін жауапты, еңбекқор, келешегі бар қызметкер ретінде көрсетті.  

         «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейі жеңімпаздарының материалдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алдағы уақытта республикалық деңгейде қатысу үшін жіберілді.