2021 жылға арналған "Еңбек жолы" өңірлік конкурсы

2021 жылға арналған "Еңбек жолы" өңірлік конкурсы

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 2021 жылғы 26 тамызда "Еңбек жолы"конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттаумен салтанатты іс-шара өткізілді.

Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев "Еңбек жолы"өңірлік конкурсының жеңімпаздарына атаулы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ағымдағы жылы "Еңбек жолы" конкурсына қатысу үшін 3 номинация бойынша 22 өтінім берілді:

- Үздік еңбек әулеті-6 өтінім;

- Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері-6 өтінім;

- Өндірістің үздік жас маманы - 10 өтінім.

         Жеңімпаздарды іріктеу екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде.

         Конкурс жеңімпаздарын өңірлік деңгейде іріктеу үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Рамазановтың төрағалығымен және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия құрылды.

  Конкурстық комиссия "Еңбек жолы"конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын анықтады:

  - "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша Шортанды ауданы "Қазақалтын ТКМК" АҚ "Жолымбет Кеніші" филиалының құрамында алтыны бар кендерді байыту аппаратшысы - Бейсембенова Арина Қайратқызы;

         - "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясында Степногорск қ. "ЕПК Стпеногорск" АҚ автоматты желілердің реттеушісі -  Шкрет Сергей Алексеевич;

         - "Өндірістің үздік жас маманы" номинациясында Көкшетау қ. "Көкшетау Энерго" ЖШС релелік қорғау және автоматика орталық қызметінің жетекші инженері - Әшімов Әділбек Бейбітұлы.

          2021 жылғы 27 тамызда Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е. Рамазановтың алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен номинациялар бойынша 2 және 3 орын алған "Еңбек жолы" өңірлік конкурсына қатысушылар марапатталды.

         Сондай-ақ, қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

         "Еңбек жолы" конкурсының өңірлік деңгейі жеңімпаздарының материалдары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алдағы уақытта республикалық деңгейде қатысу үшін жіберілді.