Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел

2021 жылғы 25 наурызда Ақмола облысының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесіне сәйкес 2021 жылғы 1 жартыжылдыққа Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М.Рублевская «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы» баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша 2019-2020 жылдардағы жұмыс қорытындылары талқыланды, сондай-ақ 2021 жылға жоспарланған іс-шараларға назар аударылды.