Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды

Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы  «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Министрлік жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурстың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс 3 номинацияны қамтиды:

-  «Үздік еңбек әулеті»,

- «Өндірістің үздік жас маманы»,

- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2021 жылдың 15 наурызынан 30 маусымына дейін жүргізіледі.

 Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн-дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2021 жылдың 1-ші тамызына дейін өтетін болады.

Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.