Дағдарысқа қарсы штабтың отырысы өтті

Дағдарысқа қарсы штабтың отырысы өтті

2021 жылдың 19 ақпанында  Степногорск қ. әкімі Е.Е.Баяхметовтің төрағалығымен «Казахалтын Logistik» ЖШС жүргізушілер құрамымен туындаған жанжалды жағдайды шешу бойынша дағдарысқа қарсы штабтың отырысы өтті.

Бұл отырысқа Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының м.а. Д.С.Баймұсынов, «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» АҚБ төрағасы К.С.Рахметов қатысты. Қойылған талаптарды шешу бойынша «Қазақалтын» ТМК» АҚ кәсіподақ органы С.Т.Садвакасовтың, «Қазақалтын» ТМК» АҚ жергілікті кәсіподағы М.С.Қойшыбаевтың жұмысы және «Казахалтын Logistik» ЖШС директоры А.Қ.Қамиев тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша жанжал қолданыстағы заңнаманың құқықтық өрiсінде шешілді және «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-мен «Казахалтын Logistik» ЖШС кәсіпорнында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын орындау бойынша тексеріс басталды.