
2026 жылғы 21 қыркүйекте «ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл У.Б.Бейсембаевтың шақыруымен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент қызметкерлерімен – мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жазира Тоқтарқызы Сейтмағамбетовамен және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлмира Муталлаевна Сағадиевамен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Департамент ұжымы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі өзгерістері туралы ақпараттандырылды, сондай-ақ іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын мекемесіне барудан бас тарту, сондай-ақ өздерінің діни сенімдерін таңдамау, бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.