Ақмола облысында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері талқыланды

Ақмола облысында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері талқыланды

19 тамыз Ақмола облысы әкімдігінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшылығының бастамасымен облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа аудан және қала әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және өңір жұмыс берушілері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер — өндірістік жарақаттанудың өсуі, ұжымдық шарттарды цифрландыру, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) алшақтықтарды жою мәселелері болды. Аталған мәселелерді Департамент басшысы Е.А. Абжатов баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.