
2026 жылғы 01 шілдесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлері аттракциондарға қызмет көрсету, балалар автомобильдерін жалға беру, балмұздақ пен тәттілерді сату сияқты маусымдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін кәмелетке толмағандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдерге олардың еңбек құқықтары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Кәсіпкерлерге еңбек шарттарын міндетті түрде жасасуды, ата-аналардың келісімін алуды және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды қоса алғанда, жастардың еңбегін реттейтін ҚР Еңбек кодексінің нормалары туралы еске салынды