
2026 жылғы 25 маусымында аппараттық кеңесте «ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі У.Б.Бейсембаев мекеме қызметкерлерімен құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелеріне бәс тігуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуына жол бермеу бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмысын жүргізді.
ҚР Ойын бизнесі туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Заңының 15-1-бабының нормасы түсіндірілді, оған сәйкес жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Сонымен қатар іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға, сондай-ақ өз діни нанымдарын таңбауға, әріптестерін діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге баса назар аударылды.