Әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелері қалалық комиссия отырысында талқыланды

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелері қалалық комиссия отырысында талқыланды

2026 жылғы 24 маусымында Көкшетау қаласында қала әкімінің орынбасары А.Б.Нөгертаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар еңбек саласының өзекті мәселелерін талқылады, ал негізгі баяндамамен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Көкшетау қаласында әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.