
2026 жылғы 24 маусымында Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әмренованың төрағалық етуімен Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ) мәліметтері мен нақты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер арасындағы алшақтықтарды жою мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Талқылауға облыстық ведомстволардың басшылары, өңір қалалары мен аудандарының әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ, негізгі баяндама жасаған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.А. Абжатов және еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы С.С. Таушкеев қатысты.
Жүргізіліп жатқан жұмыс еңбек қатынастарын толық заңдастыруға, зейнетақы аударымдарының ашықтығын қамтамасыз етуге және өңір жұмыскерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған.