
2026 жылғы 23 маусымында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекесі - Мемлекеттік қызметшілер күнімен департамент басшысы Е.А. Абжатов құттықтады. Көп жылғы адал қызметі және жоғары кәсібилігі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы Е.М. Рублевская марапатталды. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы - Қ.Т. Жанаев және еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы - С.С. Таушкеев марапатталды.