
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «UNISERV» ЖШС-де оқыту іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру» тақырыбында дәрісті «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы Уақыт Бегайдарұлы Бейсембаев жүргізді.