Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды даярлау: мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл перспективалары.

Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды даярлау: мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл перспективалары.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша мамандардың даярлауын жүргізетін «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесіне барды.

Сапар барысында колледж басшылығы Департамент қызметкерлерін оқу орнының қазіргі материалдық-техникалық базасымен таныстырып, практикалық сабақтарды өткізуге пайдаланылатын оқу кабинеттерін, бейінді зертханаларды және техникалық құралдарды көрсетті.                    Кездесу қорытындысы бойынша колледж басшылығы мен мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері екіжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігі жөнінде ортақ келісімге келді.