Міндетті сақтандыру: ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі кездесу

Міндетті сақтандыру: ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі кездесу

2026 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске департамент қызметкерлері және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалының директоры А.Б. Бейсембаева қатысты.Кездесу қорытындысы бойынша өңірдің жұмыс берушілері арасында жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, А.Б. Бейсембаеваның теледидарда сөз сөйлеуі жоспарланып, онда заңнама нормалары, жұмыскерлерді міндетті сақтандырудың маңыздылығы мен оны жүзеге асыру тәртібі жан-жақты түсіндірілетін болады.