Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары талқыланды.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары талқыланды.

2026 жылдың 13-ші мамыры облыстық әкімдікте  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Ерлан Әнуарбекұлы Абжатов және департамент қызметкерлері отырысқа қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыс кәсіпорындарында өндірістік жазатайым оқиғалардың өсуі. Жиын барысында өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар санының арту себептері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарының жай-күйі, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Комиссия мүшелері профилактикалық жұмысты күшейту, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудағы жауапкершілікті арттыру мәселелерін       талқылады.