
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" РММ жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) туралы заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді. Мәжбүрлеу шараларын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлерді сақтандыру қорғанысымен шұғыл түрде қамтамасыз етуді қатаң түрде ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабына сәйкес, міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауына:
* жеке тұлғаларға – 10 АЕК мөлшерінде,
* лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 160 АЕК мөлшерінде,
* орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК мөлшерінде,
* ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.