Әлеуметтік әріптестік аясындағы бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді

Әлеуметтік әріптестік аясындағы бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді

2026 жылғы 15 сәуірде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б.Бейсембаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өңірлік бірлестігі басшысының орынбасары Г.А. Абдрахмановамен кездесу өткізді. Кездесу аясында кәсіпорындарда әлеуметтік-еңбек қақтығыстарының туындауына жол бермеу және олардың алдын алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты күшейту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, бірлескен кездесулер мен оқыту семинарларын ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс кәсіпорындарын аралау бойынша ортақ іс-шаралар жоспары бекітілді.