«Еңбек жолы» өңірлік конкурсы

«Еңбек жолы» өңірлік конкурсы

2020 жылдың 6 қарашасы «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл іс-шараға «Еңбек жолы» конкурсының қатысушылары, еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.

«Еңбек жолы» өңірлік конкурсына қатысу үшін төмендегі  номинациялар бойынша 18 өтінім берілді: 

  1. «Үздік еңбек әулеті» 3 өтінім;
  2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» 6 өтінім.
  3. «Өндірістің үздік жас маманы» 9 өтінім.

Жеңімпаздарды іріктеу екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде.

Облыстық конкурс комиссиясы үш көшбасшы арасынан әр номинация бойынша «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтады:    

- «Үздік еңбек әулеті» номинациясы - Плаксина Юлия Николаевна Атбасар қ. № 3 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы - Абдрахманова Айман Жүгерқызы Щучье қ. № 11 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

- «Өндірістің үздік жас жұмысшысы» номинациясы - Крылышкина Татьяна Николаевна Степногорск қ., «Степногорск Теплотранзит» ЖШС бақылау-өлшеу аспаптары  мен автоматика бойынша 5-разрядты слесарь.

«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары дипломдар мен құнды сыйлықтарға ие болды. Әр номинациялар бойынша 2 және 3  орын алған конкурс қатысушыларын да алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.