
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Департаментінің басшысы Е.Ә.Абжатов облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының отырысына қатысып, онда жалақыны уақтылы төлеу, соның ішінде жалақы бойынша берешек мәселелері, әлеуметтік төлемдер және міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармау мәселелері қаралды.
Мемлекеттік органдардың басшыларына әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша тұрақты мониторинг жүргізуге бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Е.Ә.Абжатов жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және ЕШЕАБЖ жүйесінде еңбек шарттарын уақтылы жасау қажеттігін ескертті.
Аталған отырысқа Ақмола облысының әкімі орынбасары А.Б.Амренова, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, сондай-ақ бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.