2026 жылғы 27 наурызда қалалық әкімдіктің акт залында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Нугертаева А.Б.-ның төрағалығымен өтіп, отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жиында «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев баяндамасын оқыды. Ол Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу және оның жұмыс істеуі мәселелерін жан-жақты баяндап, оның еңбек қатынастарының ашықтығын арттырудағы, процестерді автоматтандырудағы және жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.