2026 жылдың 10-шы наурызда Ақмола облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті» РММ-де департамент басшысының орынбасары У.Б.Бейсембаев төрағалығымен және департамент қызметкерлерінің қатысуымен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, автомобиль көлігі және кәсіпкерлік салалары қызметкерлерінің «Бірлік» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.О.Шапағатовпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті аспектілері қарастырылды. Кездесуге қатысушылар еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу және әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.