Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

 

2020 жылдың 07 қазаны онлайн-режимде лайықты еңбекке іс-қимыл Дүниежүзілік күніне арналған шара өткізілді. Ағымдағы жылы акция "Қалпына келтіру және тұрақтылық үшін жаңа әлеуметтік келісімшарт" ұранымен өтті.

Осы іс-шара аясында Кәсіподақ орталығы Ақмола облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол Еңбек Адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға бағытталған. Бұл құжатқа қол қоюдың мақсаты әлеуметтік әріптестікті дамыту, жастардың еңбекке деген құрметін тәрбиелеу, еңбек қатынастарындағы даулы мәселелерді реттеу, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету және сол арқылы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады.

Іс-шараға Ақмола облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Л. Мұстафин, Кәсіподақ орталығының жауапты қызметкерлері және онлайн-режимде облыстық салалық, жергілікті кәсіподақтардың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мүшелері қатысты.