Ақмола облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық белсенді жүргізілуде.

Ақмола облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық белсенді жүргізілуде.

Ақмола облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық белсенді жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша 95 әкім немесе аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша жалпы санының 40% (239) сайланатын болады.
Сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Әкімдер сайлауы өтетін сайлаушылар саны – 99 813 адам, бұл жалпы санның 19% құрайды (516 014 адам).
Сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтарына талдау жүргізілді, сайлауға 218, аумақтық сайлау комиссиялары – 20 және 1288 мүше қатысатын болады
Жалпы, облыста 318 кандидат ұсынылды, олардың 296-сы тіркелді.
Біліктілік талаптарына сәйкес еместігі бойынша - 9, мемлекеттік кірістер департаментінің тексеру нәтижелері бойынша – 5, өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша - 8 алынып тасталды.
296 кандидат тіркелген, оның ішінде: 76 – "Nur Otan", 1 – "Ауыл", 4 – "Ақ жол", 1 – "Адал", 7 – "ҚХП", 207 – өзін-өзі ұсынған азаматтар).
369 сенімді тұлға тіркелген (350 – "Nur Otan", 1 – "Ақ жол", 3 – "Адал", 15 – "ҚХП")
Бақылаушылар тізімі құрылды, барлығы 493 адам.
Айта кетейік, 95 ауылдық округ әкімдерін сайлау облыстың барлық 19 өңірінде өтеді. Бұл ретте 66 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 29 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.