Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтау!

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтау!
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мұсылман үшін бұл күн адамгершілікті жетілдіру ойларымен, мұқтаж жандарға қамқорлық пен игі істермен байланысты. Барлық уақытта мұсылмандар қоғамымыздың ең басты байлығы - туған жердегі бейбітшілік пен келісімді бәрінен жоғары бағалады. Құрбан айт жүрегімізді қуаныш пен тыныштыққа толтырып, жан тазалығымызды сақтауға көмектесіп,күш-жігер қосып, жақсы істерде сәттілік әкелсін.
Осы жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек және амандық, әр үйге бейбітшілік пен бақыт, береке мен өркендеу тілеймін!