Бельгияда вакцинация қарқын алды: Билік карантин талаптарын жұмсартты

Бельгияда вакцинация қарқын алды: Билік карантин талаптарын жұмсартты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін белгіленген федералды коменданттық сағат тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бельгия тұрғындарының жүріп-тұруын шектеу шаралары 2020 жылғы қазан айында коронавирус пандемиясының «екінші толқыны» кезеңінде енгізілген болатын. Бельгияда вакцинация қарқыны артуына байланысты ел билігі карантин шараларын біртіндеп жұмсартады. Фландрия мен Валлонияда азаматтардың жүріп-тұруына қойылған шектеу шарасы 7 мамырда түн ортасында, яғни бір тәулікке ерте аяқталды. Ел астанасы Брюссель аймағындағы коменданттық сағат 8 мамырда бітеді. Сондай-ақ, Бельгия астанасында кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейін ішімдік ішуге тыйым салынады. Алайда 8 мамырдан бастап жергілікті кафелер мен мейрамханалардағы «жазғы террасалардың» жұмысына рұқсат етілді. Олар келушілерді тек ашық ауада қабылдай алады. Автор: Арнұр Рахымбеков


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bel-giyada-vakcinaciya-karkyn-aldy-bilik-karantin-talaptaryn-zhumsartty_a3785445